Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тас жолда ерлі-зайыпты қарттарға көлік дөңгелегін ауыстыруға көмектесті

Түркістан облысының полицейлері тас жолда ерлі-зайыпты қарттарға көлік дөңгелегін ауыстыруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция қызметкерлерінің тас жолда көлігінен ақау шыққан қарт ерлі-зайыптыларға көмектесіп жатқаны жайлы түсірілген видеосымен бөлісті.

Түркістан облысындағы тас жолдардың бірінде кезекшілікте жүрген патрульдік полиция инспекторлары жол жиегінде тоқтап тұрған Audi көлігін байқайды. Полицейлер егде жастағы жүргізушінің алдыңғы дөңгелегі зақымдалғанын және жасына байланысты мәселені өз бетімен шеше алмайтынын анықтайды.

Олар тез арада қолдағы бар құралдарды пайдалана отырып, қарт жүргізушіге көліктің зақымдалған дөңгелегін ауыстыруға көмектесті. 73 жастағы қария мен оның жұбайы, Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, жолын жалғастырып кете барды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жолға шығып, көлікті басқарар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексеріп, жол ережесін қатаң сақтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру