Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 112 заңсыз шетелдік анықталды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 112 заңсыз шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының көші-қон және жергілікті полиция қызметі бірлесіп жүргізген іс-шара нәтижесінде Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген шетелдіктер анықталды.

ЖААІ-ның бірінші күні жергілікті рейдтер барысында 112 заңсыз шетелдік анықталды: Өзбекстанның –  90, Тәжікстанның – 11, Түркияның 8 және Нигерияның 3 азаматы.

Қабылдап-таратуға жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 52 шетелдік орналастырылды.
Көші-қон заңнамасын бұзушыларға әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру