Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 12,9%-ға төмендеген

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 12,9%-ға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осыған орай Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде облыстық білім басқармасы, Орал қалалық білім беру бөлімі және Орал қаласының колледж, мектеп директорларымен бірлескен кездесу өтті.

Кездесуге департамент басшылығы, жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция, есірткіге қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге қарсы күрес басқармаларының басшылары, ювеналдық және криминалдық полиция бөліністерінің жеке құрамы қатысты.

Осы жылдың 10 айынының қорытындысы бойынша жүргізілген талдауға сәйкес кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 26,1%-ға өсті (69-дан 87-ге дейін), олардың ішіндегі 7-еуі эпизодтық істер. Қылмыстың басым бөлігі, яғни 42,6% (54-тен 77-ге дейін) Орал қаласында орын алған.82 кәмелетке толмаған жасөспірім 87 қылмыс жасаған, оның 48-і оқушылар (30 колледж оқушысы, 13 орта мектеп оқушысы және 5 жоғары оқу орындарының студенттері). Есірткі сипатында 4 кәмелетке толмағандардың тарапынан жасалған 4 қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыс 12,9%-ға (124-тен 108-ке дейін) төмендеген.

– Бүгінгі таңда Орал қалалық білім беру ұйымдарының қабырғасында 14 қылмыс тіркелген. Олардың ішінде: 8 ұрлық, 1 ұсақ ұрлық,  2 алаяқтық, 1 орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру, 1 бұзақылық, 1 балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау салдарынан орын алып отыр, – деп көрсетті полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.

Одан әрі кездесу барысында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Құсайынұлы және Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Индира Сапарқызына қала бойынша орын алған жасөспірімдермен жасалған құқық бұзушылықтар жөнінде өз баяндамасында тоқтатылып өтті. Сондай-ақ жасөспірімдермен жұмыс кезінде ерекше қызметімен көзге түскен қызметкерлер марапатталып, көпке үлге етілді.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осыған байланысты кездесу соңында одан әрі бірлескен жұмыстарды жандандыру қажеттілігі, соның ішінде бірлескен іс-шаралар жоспарын ұйымдастыру, мектеппен тығыз қарым-қатынастағы инспекторлардың жұмыстарын бірізділендіру қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру