Алматыдағы балалар колониясында көңілді тапқырлар жарысы өтті
Алматыдағы балалар колониясында жасөспірімдер арасында көңілді тапқырлар жарысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесінде «Тілі бірдің тілегі бір!» атты тақырыпта көңілді тапқырлар жарысы өтті.
Көңілді тапқырлар алаңында туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің «КИТиГ», технология және флористика колледжінің «Сникерс», «Дизайн» және сән колледжі, логистика және көлік академиясының колледжінің «Уақыт жоқ» және балалар колониясының «Алмас қылыш» командалары өзара сынға түсті.
Үш турдан тұратын жарысқа мекемедегі орта мектеп директорының орынбасары Айзада Алиева, Жетісу аудандық прокуратурасының прокуроры Ілияс Шопабаев, «Social Project Manaqment» қоғамдық ұйымының өкілі Мұхамедисан Әбдібекұлы әділқазы болды.
Көңілді тапқырлар жарысында бірінші орынға екі команда, яғни №11 мекемесінің «Алмас қылыш» командасы мен логистика және көлік академиясы колледжінің «Уақыт жоқ» командасы ие болды.
Екінші орынға Алматы технология және флористика колледжінің «Сникерс» және туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің «КИТиГ» командалары лайық деп танылды. Алматы дизайн және мода колледжі үшінші орынды иеленді.
Осы іс-шараның мазмұнды өтуіне ат салысқан командаларға әділқазылар тарапынан Мақтау грамоталары табысталып, сотталғандар арасындағы тәрбие бөлімінің бастығы Алма Бәзілбаева жарысқа қатысқан колледж студенттеріне, басшыларына мекеме бастығының атынан алғыс айтты.