Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасы басталғалы көлікті мас күйде басқарған 4 жүргізуші ұсталды

Қызылордада «Құқықтық тәртіп» шарасы басталғалы көлікті мас күйде басқарған 4 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде Мемлекет басшысының және Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша республикалық деңгейде «Құқықтық тәртіп» шарасы өтіп жатыр. Қызылорда облысы аумағында жедел-профилактикалық шара басталғалы өрескел құқық бұзушылықтарға тоқталатын болсақ, көлік құралын басқару құқығынан айырылған 1 жүргізуші анықталып, көлік құралы айып алаңына қойылды. 

Іс-шара басталғалы масаң күйде көлік тізгіндеген 4 жүргізуші анықталды.

Мысал ретінде айтар болсақ, бүгін сағат 10:30 шамасында Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде 35 жастағы қала тұрғыны көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін ұсталып, әкімшілік хаттама рәсімделіп, іс құжаттары мамандандырылған сотқа жолданды.

– Құрметті қала тұрғындары! Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерді көлік құралдарын басқару кезінде белгіленген жылдамдықты асырмауға, арақашықтықты сақтап, автокөлік басқару кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланбауға, масаң күйде автокөлікті басқармауға, қарсы бағытқа шықпауға, жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру