Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда дөңгелегі лас жүк көлігінің иелеріне айыппұл салынып жатыр

Алматыда дөңгелегі лас жүк көлігінің иелеріне айыппұл салынып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жол бөлігін ластағаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Көбінесе құқық бұзушылық деректері әлеуметтік желі арқылы түскен хабарламаларды талдау барысында арнайы мониторингтік топпен, патрульдік және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен анықталады.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлерімен құрылыс алаңдарында тұрақты рейдтер өткізілді. Соның нәтижесінде өткен тәулікте ғана жолдың жүріс бөлігіне қоқыс шығарудың 9 дерегі анықталды.

Осыған байланысты Алматы полициясы аталған құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының санкциясында 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түріндегі жаза қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру