Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың бетін ашты

Жетісу полицейлері «Hi-Tech» кешенді іс-шарасы барысында интернет-алаяқтықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20-22 қараша аралығында Жетісу облысының аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ ақпараттық технологияларын пайдалана отырып жасалған өзге де құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған «Hi-Tech» кешенді іс-шара өткізілді.

ЖПІШ жүргізу барысында тоғыз құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жетеуі алаяқтық және екі ұрлық фактісі.

– Әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдар алаяқтардың қулықтарына тап болады. Көбінесе алаяқтар цифрландыру және жоғары технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланады. Жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде 7 миллион теңгеге жуық шығын келтірген алаяқтықтың бетін ашты. Олардың көбісі банктік және микроқаржы ұйымдарының сайттары қарыздарды ресімдеу арқылы жасалады. Осылайша, 40 жастағы әйел ұлымен бірге алаяқтардың құрбаны болды, олардың атына 1,5 млн теңге несие заңсыз рәсімделген. Мұндай жағдайлар, өкінішке орай, жиі кездеседі, – деп атап өтті ПД КПБ бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Сағындықов.

Айта кету керек, Жетісудің полиция қызметкерлері интернет-алаяқтардан зардап шеккендер санының өсуін азайту үшін халықты ақпараттандыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар іс-шара нәтижесінде порнографиялық сипаттағы материалдарды тарататын 70 сайт бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру