Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер олимпиадалық мамандандырылған балалар мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Атыраулық полицейлер олимпиадалық мамандандырылған балалар мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлық – бұл адамның денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Бүгінде қоғам есірткі заттарының таралуымен және олардың заңсыз айналымымен белсенді күресуде, сондай-ақ нашақорлықпен байланысты қылмыстың алдын алу жолдары қарастырылуда. Осы ретте 28 қараша күні Атырау облысы полиция департаренті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева, арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бақытжан Исаев және Атырау қалалық ПБ ювеналды полиция тобының бастығы Эльвира Имангазиева Атырау қаласындағы №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді.

Шараның мақсаты – есірткіні қолданудың алдын алу, жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату.

Қазіргі кезде мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру