Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі учаскелік инспекторларға жаңа көліктің кілтін табыстады

Шымкенттің бас полицейі учаскелік инспекторларға жаңа көліктің кілтін табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Миллионнан астам тұрғыны бар мегаполистегі учаскелік полиция пунктерін материалдық және техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментінің бастығы Думан Таев учаскелік пунктерді аралап, олардың жай-күйімен танысып жатыр.

Бүгін де бас полицей шаһардағы 70 полиция пунктінің 24-ін аралап үлгерді. Кезекті тексеру жұмыстары 50 мыңнан астам халық қоныстанған Абай АПБ-ға қарасты Қайнарбұлақ саяжайында жүргізілді.

Мегаполистің бас полицейі аудан белсенділерімен және ақсақалдармен кездесіп, жұртшылықтың жәй-күйімен танысты. Сондай-ақ аталған саяжай аумағының үлкендігі мен халық санының көптігіне байланысты және қаладан бірнеше шақырым алыс орналасқанына орай қызметте қолайсыздық туындатпау үшін учаскелік полиция инспекторларына жаңа екі көліктің кілтін табыстады.

Жергілікті тұрғындар саяжайдың тыныштығы мен халық қауіпсіздігі үшін жағдай жасап жатқан тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру