Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік басқарған

ШҚО-да жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтай қаласындағы көшелердің бірін патрульдеу кезінде полицейлер алкогольдің иісі шыққан 33 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-21074 автокөлікті тоқтатқан. Әрі қарай тексеру барысында ер адам медициналық куәландырудан бас тартты.

Құқық бұзушының бұрын ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылғаны анықталды, ол өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жүргізушіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру