Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері есірткі зертханасы жұмысының жолын кесті

“Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қаласы ПБ қызметкерлері есірткі зертханасы жұмысының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылғы 23 қараша күні Орал қаласының 36 жасар тұрғыны саяжай қоғамдарында жалға берілетін коттедждердің бірінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіретін есірткі зертханасын жасақтаған.

Тінту кезінде 7 түп қарасора өсімдігі, 5 дана полиэтилен пакеті, арнайы иісі бар жасыл түсті өсімдік салынған пластикалық ыдыстар табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге арналған электр жабдықтары мен тыңайтқыштар, газ шығару жүйесі мен зип-пакеттер, изолента, электронды таразы тәркіленді.

2023 жылғы 30 қарашадағы сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар 298,21 грамм кептірілген марихуана және 235,62 грамм қарасора екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру