Ақмола полицейлері ЖШС аумағынан бірқатар ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады
Ақмола полицейлері ЖШС аумағынан бірқатар ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта Бурабай және Зеренді аудандарының аумағында үш ұрлыққа қатысы бар тұлғалардың кінәсі дәлелденді, тағы алты ұқсас қылмыс бойынша тексерулер мен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Атбасар ауданының екі тұрғыны 2 желтоқсан күні таңертең Зеренді – Щучинск автожолында ұсталды.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше сағат бұрын ұсталғандардың Зеренді ауданы ауылдарының бірінде орналасқан ЖШС аумағына заңсыз кіріп, жарты миллион теңгеге ауылшаруашылығының қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткенін анықтады. Күдіктілерді ұстау үшін арнайы бөлімшенің жауынгерлері тартылды, ал машинаны тінту кезінде жедел қызметкерлер мен тергеушілер ұрланған қосалқы бөлшектердің 33 атауын тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарын өткізу кезеңіне екі қатысушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.