Өскемен тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған
Өскемен тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының 38 жастағы тұрғынының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни себептер бойынша зорлық-зомбылыққа шақыратын экстремистік мазмұндағы аудиоматериалдарды сақтау фактісін анықтаған.
Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өскемен қаласы сотының қаулысымен ер адам аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Полицейлер тыйым салынған материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.