Павлодар облысының полицейлері аязда жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті
Павлодар облысының полицейлері аязда жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері Павлодар өнеркәсіптік аймағы ауданындағы тасжолда қатты аяз жағдайында жүргізушіге көмек көрсетті. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Ильхам Разиев Әзірбайжан Республикасынан Павлодар қаласына жүк тасымалдау үшін келген. Жүк тиелгеннен кейін кетіп қалған, бірақ жол бойында жүк көлігі бұзылып қалған.
– Мен ұйымнан шығып, жолға шықтым. Жол бойында минус 30 градус аяздан көлігім жүрмей қойды. Орнынан қозғалмады. Мен не істерімді білмедім. Не істеу керек, қайда қоңырау шалу керек, Павлодарда таныстарым мүлдем жоқ. Сағат 13:30 болды, жақын жерде ешкім болмады, өтіп бара жатқан көліктер тоқтамады. Мен сынған көлігімді өздігімнен істей алмадым. Өйткені көліктің не себепті бұзылып қалғанын білмедім. Осы уақытта трассаны күзететін полиция қызметкерлері келді. Олар ойланбастан көмек ұсынды. Болған оқиға туралы сұрағаннан кейін полицейлер трактор мен КАМАЗ-ды шақырды, менің көлігімді ТҚКС дейін сүйреп апарды, көлікті жылытуға көмектесті. Олар мені тамақтандырды, ыстық шай берді. Көлік сағат 18:00-ге дейін жөнделді. Павлодар полициясына маған көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамын. Мен шынымен қорқып кеттім, өйткені болжам бойынша Павлодар облысында минус 42 градусқа дейін аяз болады деп айтты. Далада аяз, қатты жел болды. Бірақ соған қарамастан полицейлер маған қиын жағдайда көмектесті. Сонымен бірге олар менің әл-ауқатыма үнемі қызығушылық танытты. Егер олар болмаса, менімен не болатынын ойлаудан қорқамын. Қазақстанда қиын сәтте көмекке келуге дайын адамдар бар екені қуантады. Полицейлерге үлкен рахмет! , – дейді жүргізуші Ильхам Разиев.
Полиция қызметкерлері Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызмет аға инспекторы Ербол Өтеубаев және қызмет инспекторы Диас Баймағамбетов болды.