ШҚО-да бір тәулік ішінде 5 борышкер анықталды
ШҚО-да бір тәулік ішінде 5 борышкер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне әкімшілік айыппұл төлемеген және мемлекетке 200 мың теңгеден астам қарыз бар борышкерлерді іздестіруге жариялау туралы жеке сот орындаушыларының қаулылары келіп түскен.
Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде борышкерлердің орналасқан жерін анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады.
Жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті бір тәулік ішінде 35-тен астам борышкерді анықтады.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік және ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.