Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адам қалалық ауруханадан электр кабелін ұрлап кетті

Астанада ер адам қалалық ауруханадан электр кабелін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кабельді көліктің жүксалғышына тиеген күдікті ер адамды аурухана күзетшісі байқаған. Ұрлық түнгі уақытта  болғандықтан, қызметкер полицияға хабарлағанда күдіктінің көлігінің түсін ғана байқағанын айтқан.

Бейнебақылауды мұқият қарау барысында Алматы ауданының полиция қызметкерлері күзетшінің айтқан сипаттамасы бойынша автокөліктің ұқсастығын анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған. Ер адам аурухана аумағында электриктер қалдырған кабельді байқағаны анықталды. Ыңғайлы жағдайды пайдаланып, күдікті 80 метр кабельді шығарып кеткені белгілі болған.

Күдікті өз әрекеттерімен 900 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ұрланған кабельді полиция қызметкерлері тәркілеп, қазіргі уақытта ер адам кінәсін мойындады.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның қала аумағында осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Елордалық полицейлер түрлі-түсті және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының өткізу және заңсыз айналым орындарына үнемі тексеру жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру