Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер зейнеткердің сөмкесін ұрлаған күдіктіні ұстады

Елордалық полицейлер зейнеткердің сөмкесін ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасына кешкі сағат 18:00 шамасында қала тұрғыны хабарласып, оның аялдамада тұрғанда қара түсті сөмкесінің жоғалып кеткендігін айтқан.  Белгілі болғандай, зейнеткер қарбалас уақытта Дүкенұлы көшесіндегі автобус аялдамасында тұрғанда қызы қоңырау шалған. Онымен сөйлескеннен соң, қасында  тұрған сөмкесін таппай қалған. Оның ішінде құжаттары, банк карточкалары, жеке заттары болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 48-жасар қала тұрғынын анықтады.  Зейнеткердің сөмкесін алып бара жатқан сәті камераға түсіп қалған.

Аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру