Абай облысының полицейлері аязда жолда қалып қойған 15 көліктің жүргізушісіне көмектесті
Абай облысының полицейлері аязда жолда қалып қойған 15 көліктің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қолайсыз ауа райы кезінде Абай облысының республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларында ауыр жүк көліктерінің бұзылуы көбейіп кетті. Мұның себебі – көлік құралына құйылған жанармай. Дизель отыны бар көліктер үшін елді мекендерден тыс жерлерге шығуға мүлдем тыйым салынады. Бұл күндері полицейлер аязға байланысты оқиғаларды болдырмау үшін патрульдеу мен жол мониторингін күшейтті. Облыста қатты аяз басталғаннан бері барлығы 15 жүргізушіге көмек көрсетілді.
Қызмет өткеру кезінде тәртіп сақшылары облыстың трассаларын әртүрлі бағыттарда тексере отырып, трассада жанармай багы қатып қалған жүргізушілермен мезгіл-мезгіл кездесіп тұрады. Көптеген жүргізушіге полиция қызметкерлері көліктерді жылыту және эвакуациялау үшін техникалық көмек көрсетті, өйткені аязда қолайсыздығында жолдарда қалу өте қауіпті.
Бүгін ғана Аягөз ауданында жол қозғалысының бірнеше қатысушысына полицейлердің көмегі қажет болды. 922-шақырымда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Chaniа жүргізушісіне көмектесті, ол аязды күні жолда қалуға мәжбүр болды.
Келген полицейлер жақын маңдағы елді мекеннен жанармай жүйесін жылыту бойынша мамандарды шақырды, ал жүргізуші полицейлердің көлігінде көмекшілерді күтті.
Алматы – Өскемен тас жолының 945-шақырымында дизель отыны бар тағы бір фура сол бағытта қозғалысты жалғастыра алмады. Полиция қызметкерлері дер кезінде көмек қолын созды. Бұл бағыттағы жұмыс Абай облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Қатты суыққа байланысты полицейлер автокөлік жүргізушілеріне сапарларын шектеуге кеңес береді.