Абай облысында полицейлер қатты аязда тасжолда қалған ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне көмектесті
Абай облысында полицейлер қатты аязда тасжолда қалған ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығында 3 тәулік бойы полицейлер тас жолда қалған автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетіп келеді.
2023 жылдың 13 желтоқсанында Беларусь Республикасының азаматтары Минаков Игорь пен Янович Арсений Бахтадан Мақаншыға қарай бет алған. Жол бойында олардың ауыр жүктері тоқтап қалып, содан кейін жанармай қатып қалған.
Шетелдіктерге Үржар аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметкерлері көлікті жылытуға көмектесті.
Шетелдіктер полицейлерге жол бойында көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Омбы – Майқапшағай тас жолында қызмет атқару кезінде Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторлары жол жиегінде тұрған ГАЗельді көрген. Полиция ер адамның жанармай багының қатып қалғанын және аккумулятор отырғанын анықтады. Елді мекен алыс екенін түсініп, ол ақаулықты өз бетінше түзей алмаған, қолда бар құралдардың көмегімен тәртіп сақшылары аккумуляторды қызметтік машинаға қосу арқылы машинаны жылытуға көмектесті.
Алматыдан келе жатқан басқа жүк көліктері Абай облысының ауа-райын есептемей, отын багында солярка қатып қалған. Сонымен қатар жүргізушілер бірнеше сағат бойы суық жүк көлігінде болған.
Жағдайды қатты аяз қиындатты, азаматтар мұндай жағдайларға дайын болмады, қолында тиісті құралдар мен жабдықтар болмады, сондай-ақ маусымға сай киінбеген.
Полиция қызметкерлері бұл автокөлік жүргізушілерін патрульдік көлікте жылытуға шақырып, қонақтар жылынған кезде олар бірге жанармай бөлімін жылыта бастаған. Көрсетілген көмектен кейін жүргізушілер тәртіп сақшыларына көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, әрқайсысы өз бағытында жолын жалғастырды.