Елордалық дүкеннің бірінен брендтік шарап ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды
Елордалық дүкеннің бірінен брендтік шарап ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы аудандық криминалдық полициясының қызметкерлері қарақшылық шабуылға қатысы деген күдікпен 26 жастағы жігітті анықтады. Оның әрекеті дүкенде орнатылған бейнекамераға түсіп қалған.
Кадрларда ер адамның дүкенге кіріп, бірден алкогольдік қораптар қойылған аумаққа жақындағанын көруге болады. Ол жайбарақат бір қорапты алып, оны көтерген күйі кассаны айналып өтіп, қашып шыққан. Шамамен 45 мың теңге материалдық шығын келтіргені белгілі болған. Ішкі қауіпсіздік қызметкерлері оның әрекетін байқап, артынан жүгіріп, қуа жөнелген. Сөйтіп сыртқа шығып бара жатқан жерінен оны тоқтатып үлгерген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын сотталған ер адам кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынып, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріледі.