Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада болашақ әскери қызметшілермен профилактикалық кездесу өткізілді

Астанада болашақ әскери қызметшілерге жауапты мінез-құлық пен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары түсіндірілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж білім алушылары үшін есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кездесу өткізілді.

Елордалық полиция қызметкерлері курсанттарға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқықтық салдарлар, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге тартқаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді.

Кездесу барысында әрбір жас адамның өз шешімі мен әрекетіне деген жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Болашақ әскери қызметшілерге тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және салауатты өмір салтын ұстану кәсіби даярлықтың маңызды құрамдас бөлігі екені ескертілді.

Полиция қызметкерлері әскери колледж курсанттарының алдағы уақытта еліміздің Қарулы күштерінің қатарында қызмет ететінін атап өтті. Осыған байланысты олар бүгіннен бастап өз қатарластарына жауапты мінез-құлық пен заңға құрмет көрсетудің үлгісін танытуы тиіс.

Жастар арасында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. 2026–2028 жылдарға арналған Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар аясында елордалық полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында кездесулер мен дәрістер өткізуде. Биыл профилактикалық іс-шаралармен елорданың барлық білім беру саласын қамту жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру