Елордалық полицейлер бір түнде төрт аккумулятор ұрлаған азаматты анықтады
Елордалық полицейлер бір түнде төрт аккумулятор ұрлаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аккумуляторлар ұрлады деген күдікпен қаланың 28 жастағы тұрғынын анықтаған.
Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам оң жақ жағалауда кетіп бара жатып, тұрақта тұрған КамАЗ көліктерін байқаған. Қаскүнем қылмыстық оймен, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, бірден екі жүк көлігінен төрт аккумуляторды алып кеткен. Келтірілген материладық шығынның жалпы сомасы 350 мың теңгені құраған. Ер адам жарнама жасап, ұрланған аккумуляторларды сатпақ болған жерден құрықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.