СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде Жол картасы бойынша бірқатар іс-шара өткізілді
СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде Жол картасы бойынша бірқатар іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының кешенді жоспарын орындау аясында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері арнайы қонақтарды шақырып, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
№52 мекемеде сотталғандардың джиу-джитсу және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қоян-қолтық күресі бойынша сарапшы, сондай-ақ ақын, өз шығармаларының орындаушысы Денисенко Виктор Николаевичпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Виктор Николаевич дзюдодан жоғары ұлттық санаттағы төреші болғандықтан оны тек республикалық чемпионаттарда ғана емес, әлем чемпионаттарында да жұмыс істеу үшін үнемі шақыратынын айтты. 50 жылдан астам уақыт бойы спорт шебері арнайы күштерді де, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін де, балаларды да жаттықтыруға арнады. Кездесу соңында еңбек сіңірген жаттықтырушы мекемеге өзінің «Судьбе на встречу» атты басылымының өлеңдер жинағын тапсырып, «Еш қиындықтарға қарамастан берілмеу және өз мақсаттарына жету» деген нұсқау берді.
Өз кезегінде №66 мекемеге Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әртісі, көптеген республикалық қазақ музыка байқауларының лауреаты, «Әлкисса» фольклорлық ансамблінің солисі Ғалымжан Нұрпейісов келіп, сотталғандар үшін домбырада музыкалық шығармалар орындады.
№50 мекеменің сотталған әйелдерімен кездесуге жеңіл атлетикадан көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегерлері және А.Винокуров атындағы Спорт сарайы мен «Жеңіс» спорт мектебінің оқытушылары шақырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қонақтар сотталғандарға спортпен айналысуға арналған қарапайым жаттығуларды көрсетті және табысқа жетудің қиын жолы туралы өмірлік оқиғалармен бөлісті. Кездесу соңында шақырылған қонақтар сотталғандарға спорттық құрал-сайман түріндегі сыйлықтар табыс етті.