Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дәмханаға келушінің сыртқы киімін ұрлаған елордалық тұрғын анықталды

Дәмханаға келушінің сыртқы киімін ұрлаған елордалық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, сол жақ жағалауда орналасқан кафелердің бірінде белгісіз біреу оның күртесін ұрлап әкеткені туралы арызданған. Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Белгілі болғандай, ол уақыт өткізу үшін кешкі уақытта көңіл көтеру орнына келген. Тамақтану залында отырған кезде көрші орындықта жатқан әйелдер сырт киімін байқайды. Қаскүнем көрші отырған клиенттің залдан шығып кеткен сәтін пайдаланып, алдымен оның әрекетін байқайтын куәгерлердің бар-жоғын тексеріп, содан кейін құны 500 мың теңге тұратын күртені жасырын алып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру