Өскеменде жасөспірім көпқабатты үйдің кіреберісінде дәрет сындырған
Өскеменде жасөспірім көпқабатты үйдің кіреберісінде дәрет сындырған – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 7 қаңтар күні таңертең Лихарев көшесінде болған. Бір топ жасөспірімдер бөгде үйдің подъезіне кірген, онда олардың біреуі ұсақ бұзақылық жасаған. Жасөспірімнің барлық әрекеттері камераға түсіп қалған, содан кейін интернет желісіне жарияланған.
Сол күні полицейлер құқық бұзушының жеке басын және тұрғылықты жерін анықтаған. Ол 16 жастағы бозбала болып шықты. Жағалауда достарымен серуендеп жүріп, олардың бірінші кездескен есікке кіргені белгілі болды.
Бұзақының анасына ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмаған адамның түнгі уақытта тұрғын үйжайдан тыс жерде болғаны) бойынша екі хаттама толтырылды.
Полиция департаменті кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды қадам екенін ескертеді. Азаматтық ұстаным танытуға, заңды бұзбауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда, шетте қалмауға және бұл туралы «102» арнасына хабарлауға шақырамыз.