Теміртауда 5 млн теңгенің балық өнімдерін ұрлаған күдікті анықталды
Теміртауда 5 млн теңгенің балық өнімдерін ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматшаның балық өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер екені белгілі болды. Түнгі уақытта белгісіз біреулер өнім сақталған контейнердің есігін бұзып, ішінен уылдырық, ас шаяндарын және балық ұрлап кеткен.
Келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жастағы азамат ұсталды.
Ол ұрланған заттарды сатпақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленіп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.