Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп 8-14 қаңтар аралығында өңір аумағында «Шетелдік» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.

Іс-шараның 6 күнінде шетел азаматтары жиналатын 405 орын, оның ішінде 52 базар, 83 құрылыс нысаны, 4 жатақхана, 59 жалдамалы пәтер, 62 шаруа қожалығы тексерілді. Барлығы 306 шетелдік азамат тексерілді.

Тексеру барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 70 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен – 47, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша – 14, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша 9 адам жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру