Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтың 14 фактісі анықталды

Абай облысында жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтың 14 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бірден бірнеше құқыққа қайшы әрекеттерді қамтиды. Бұл бапқа қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындағы мүлікті қорлау сияқты әрекеттер жатады. Мұндай заңсыз әрекеттердің салдары – қоғамға құрметсіздік білдіру, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзады.

Абай облысының полицейлері ұсақ бұзақылық фактілерін анықтауға бағытталған барлық жұмысты тәулік бойы жүргізеді. Жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлер, сондай-ақ жедел басқару орталығы операторлары ұсақ бұзақылықтың 14 дерегін анықтады.

Осы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада айыппұл немесе әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған қоғамдық тәртіпті бұзушылардың арасында қоғамдық орында балағат сөздер айтып, қоқыс пен темекі тұқылын шашып, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды қорлаған азаматтар болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру