Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында зейнеткердің үйінен 30 келіден астам қарасора тәркіленді

Жамбыл облысында зейнеткердің үйінен 30 келіден астам қарасора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен полиция қызметкерлері Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының 64 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адам өз үйінде бірден жеті жерден жасырын орын дайындап, шатырда, ас үй бөлмесінің жертөлесінде, жатын бөлмеде, аулада есірткі заттарын жасырған. 

Тінту кезінде полиция қызметкерлері барлығы 30 келі 700 грамм кептірілген қарасора  тәркіледі.

Сұрақ алу кезінде күдікті кінәсін мойындады. Қарасораны ол Байзақ ауданының құмға жақын аумағында жинап, кептірген.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда.

– 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта ұсталған азамат мал ұрлығы, ұрланған малды союшы, мал тасымалдаушы санаттары бойынша профилактикалық есепте тұрған. Күдікті есірткі заттарын өзінің бес кәмелетке толмаған балалары тұратын үйінде сақтаған, – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру