Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Тұрмыс» ЖПІШ: отбасылық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді

«Тұрмыс» ЖПІШ барысында отбасылық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Іс шараның негізгі мақсаттары – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтау және жою, жәбірленушілерге көмек көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Іс-шара барысында полицияда тұрмыстық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді. Оның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтады. Іс жүзінде «агрессорлардың» барлығы немесе 95%-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Отбасылық шиеленістердің негізгі себебі – маскүнемдік, лудомания, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және соның салдарынан отбасы институтының жоғалуы екені мәлім.Осындай зорлық-зомбылықтың себептерін уақытылы анықтау және жою үшін алдын алу шаралары жүргізілді, – деп бөлісті ІІМ-де.

Өмірлік қиын жағдайдағы 675 отбасы, оның ішінде қолайсыз әлеуметтік ортадағы зорлық-зомбылық белгілері бар балалары анықталды.

Олар туралы көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді.

Мысалы, Алматыда қолайсыз отбасына тексеріп барған кезде әкесі қатты мас болған. Балалар аш, үйде антисанитария. Сонымен қатар әкесінің ішімдік ішетін досы мас күйде сол үйде бірге болған.

Қамқоршылық қызметкерлерімен бірлесіп балалар кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына, ал әкесі наркологияға емделуге орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру