Ақтөбе облысының учаскелік инспекторы қызметінің қыр-сырымен бөлісті
Ақтөбе облысының учаскелік инспекторы қызметінің қыр-сырымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция инспекторы Рустам Қалмағамбетов – өз ісінің нағыз жанкүйері. Ол Ақтөбе облысы ПД Қарғалы ауданының полиция бөлімінде еңбек етіп, екі мыңға жуық халқы бар Қалдаяқов ауылына қызмет көрсетеді. Оның келуімен бұл ауылдағы қылмыстар саны да мейлінше қысқарды.
Учаскелік полицейдің жұмысы аса қауырт, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығының, киберқылмыстардың, отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, бұрын сотталғандармен жұмыс істеу, абаттандыру, табиғат заңнамасын бұзудың т.б. алдын алу. Тіпті қызмет барысында үйдің қабырғасымен жорғалап, алып адамдарды іздеген кезі де, топтасқан даулы мәселелерді тура бидей өзі әділ шешкен кездері де болған.
– Қызметімнің басында мен аудан орталығында, яғни Бадамша ауылында учаскелік инспектор болдым. Сол кезде кішкентай қыздан «ағам ұрды» деген қоңырау түсті. Мен бірден мекенжайға бардым. Есікті қаққаныммен, ешкім ашқан жоқ. Әрине, бізде мұндай жағдайда бұрылып кетіп қалу деген мүлде жоқ. Төртінші қабатта орналасқан пәтерге балкон арқылы кіруге тура келді, – дейді Рустам.
Мұндай жағдайлар оның тәжірибесінде бірнеше рет болған. Бірде полиция капитаны Қалмағамбетов таңғы мезгілде қарақшылық шабуыл бойынша хабарламаға шыққан. Бетперде киген екі жас жігіт 80 жастағы қарияның пәтеріне басып кіріп, оның жерлеуге жинап жүрген ақшасын тартып алмақ болған. Алайда, олар үйден ақша таппаған.
– Мен әжейден мән-жайды сұрай бастадым. Оның айтуынша шабуылдаушылар бойы екі метрден кем емес «алып» жігіттер болған. Біз бұл қылмысқа кімнің баруы мүмкін екенін жан-жақты зерделеп, зерттей бастадық. Әрине, бойының ұзын болуын да ескердік. Таңертеңнен бастап күдікті жиырма адамды тексердік. Түске таман біз қарақшыларды таптық, олардың екеуі де кішкентай бойлы болып шықты.
Ауылда учаскелік инспектор құқық қорғау органының жалғыз өкілі болғандықтан, оған әртүрлі функциялар мен міндеттерді орындауға, көптеген мәселелерді өз күшімен шешуге тура келіп жатады. Бірде жалғыз өзіме қарсы отыз адам болған кезде жанжалды медиативті бейбіт жолмен шешкен кезім болды. Менің ойымша, кез-келген полиция қызметкері оратор да, медиатор да бола білуі керек, – деп жымияды ол.