Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Абай облысында белгіленбеген жерлерден өткені үшін 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері көшенің белгіленбеген жерлерінен өткені үшін 259 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл заң бұзушылық үшін қазақстандықтарға 2 АЕК немесе 2024 жылға 7 384 теңге айыппұл көзделген. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК немесе 36 940 теңге.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық сипаттағы белсенді жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру