Қазақстандық полицейлер түрік әріптестерімен бірге 8 қылмыскерді ұстады
Қазақстанның ІІМ қызметкерлері түрік әріптестерімен бірге жыл басынан бері алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген сегіз қылмыскерді Түркияда ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Сонымен қатар қаңтар айында ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерімен іздеуде жүрген 237 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткен 150 адам табылды.
Мәселен, 27 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері 1998 жылдан бері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 55 жастағы ер адамды құрықтады.