Жетісу облысында шаңғы тебуден ашық турнир өтті
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімше полицейлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп Сарқан ауданы Екіаша ауылында «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен шаңғы жарысы бойынша ашық турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаңғы жарысына әр түрлі жастағы 100-ден астам адам қатысты. Жарысқа қатысушылыр арасында атақты спортшылар ғана емес, сондай-ақ жас қатысушылар да, шаңғы тебуді ұнататын және салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын қарапайым тұрғындары да бар.
– Қолайлы ауа райы мен қатар, жақсы дайындалған шаңғы трассалары қатысушыларға спорттық толқулар мен жақсы көңіл-күй сыйлады. Жарыс адал және табанды күресте өтіп, қатысушыларға жоғары спорттық көрсеткіштерді көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай бұқаралық
іс-шаралар қоғамның назарын аударып қана қоймай, өңірдегі, әсіресе жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға әсер ететіні сөзсіз, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Барлық жеңімпаздар мен жүлде иелері дипломдар және медальдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.