Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда есірткі жарнамасы бар 30-ға жуық граффити жазбалары өшірілді

Қостанайда акция барысында есірткі жарнамасы бар 100-ден астам жазба мен 30-ға жуық граффити жазбалары өшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің еріктілерімен және AMAHAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдерімен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар суреттер мен жазулардың граффитін өшіру бойынша акция өтті.

Акция ауқымды болды, оны өңір аудандарында да қолдады. Бірнеше сағат ішінде акцияға қатысушылар 100-ден астам жазба мен 30-ға жуық граффити жазбаларын өшірді.

– Осындай жазулар туралы хабарламалар алған кезде, біз дереу шығып, оларды өшіреміз. Биыл бұл акция алғаш рет өткізіліп отыр. Қала тұрғындарының арқасында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі Айгуль Ерадилова.

Қостанай облысының ПД өткен жылы осындай 9 акция өткізіліп, оның барысында 400-ден астам жазба өшірілгенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру