Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде күзетшіні соққыға жығып, құрылыс нысанына ұрлыққа түскендер құрықталды

Ақтөбеде күзетшіні соққыға жығып, құрылыс нысанына ұрлыққа түскендер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 ақпанда таңғы мезгілде Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы құрылыс нысандарының бірінен құны 340 мың теңгеден асатын құрылғыларды ұрлап, күзетшіні ұрып-соққан күдіктілерге қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында патрульдік полиция қызметкерлері екі жас жігітті “ізін суытпай” ұстады.

Тергеп-тексеру барысында облыстағы ауылдардың бірінде тұратын екі жігіт қоршаулы құрылыс нысанына жасырын кіріп, жабық тұрған контейнердің құлпын бұзу арқылы дәнекерлеу аппаратын, болгарка, монтаждау құрылғылары, бірнеше метр сымдар мен кабельдер т.б. материалдарды ұрлап, қашып кеткені анықталды.

Сонымен қатар күдіктілер ұрлаған заттарын алып шығу үшін трактордың кілтін тартып алмақ болып, сол жердің күзетшісін ұрып-соққан. Ұсталған екі жігіт кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан ұрланған заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру