Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қаңтар айында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді

СҚО-да қаңтар айында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандырды: 5 ақпаннан бастап елімізде “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жыл басынан бері 5048 құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде белгіленген жылдамдықты арттырудың 548 фактісі, 521 – жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауының 478 фактісі анықталды. Сонымен қатар қаңтар айында мас күйінде көлік жүргізген 74 жүргізуші ұсталды.

– “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы бірінші кезекте жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Рейдтер барысында жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жалпы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Нашар ауа райына байланысты жолдағы қауіпсіздікті жандандыру әсіресе өзекті болып отыр. Жедел алдын алу іс-шараларына жұмылдырылған полиция қызметкерлері өз құзыреті шеңберінде қала мен өңірдің көше-жол желісін мониторингілеу бойынша күнделікті жұмысты белсенді түрде жалғастырып, кемшіліктерді жою үшін уәкілетті органдарға күрделі учаскелер туралы ақпаратты жедел түрде беріп отырады.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы 29 ақпанда аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру