Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 12 күнде 8 тіркелмеген мылтықты тәркіледі

СҚО полицейлері 12 күнде 8 тіркелмеген мылтықты тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 күн бойы СҚО полицейлері “Қару иесі” акциясы режимінде жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары 4275 адамды — облыстағы барлық азаматтық қару иелерін тексерді. Аудандардағы шалғай учаскелер мен қыстаулар да тексерілді.

Жалпы айтқанда, солтүстікқазақстандықтар қаруға жауапкершілікпен қарайды. Дегенмен, облыстың 29 тұрғыны оны сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Көбінесе қару иелері дабыл ақауларын байқамайды, оны орнату қару иелері үшін міндетті саналады немесе қару-жарақ сейфтерінде бөгде құндылықтарды сақтайды – бұған тыйым салынған. Тағы 21 адам қаруларын белгіленген мерзімде қайта тіркемеген. Сондай-ақ тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтарды заңсыз сақтаудың 8 фактісі анықталды. Барлық тәртіп бұзушыларды полиция әкімшілік жауапкершілікке тартты.

16 калибрлі тіркелмеген ТОЗ мылтығын өз еркімен тапсырған Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны жазадан құтылды. Оның айтуынша, қаруды Борки ауылының орман алқабынан тауып алған. Алдымен ер адам тапқан затты үйге әкелген, бірақ кейін оны полицияға тапсыруға шешім қабылдады.

– Егер адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтылудың жалғыз жолы оны тапсыру. Облыс тұрғындарынан қауіпті заттарды сақтаудан бас тартуды, жақын маңдағы аумақтық полиция бөлімшесіне ерікті түрде тапсыру туралы өтініш жазуды сұраймыз, – деп еске салады СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру