Түркістан облысының тұрғыны 16 жылқысын тауып берген полицейлерге алғысын айтты
Түркістан облысының тұрғыны 16 жылқысын тауып берген полицейлерге алғысын айтты – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жоғалған жылқыларын 10 күн бойы іздеп таба алмаған жергілікті тұрғын Мақтаарал аудандық полиция бөліміне хабарласып, көмек сұрады. Оның айтуынша, жайылымдық жерден бос жайылып жүрген құны 7,5 миллион теңге тұратын 16 жылқысы ұшты-күйлі жоқ болған.
Тұрғынның малы жоғалғаны жөнінде хабар алған полицейлер уақыт жоғалтпастан іске кірісті. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары өздеріне таныс ауыл-аймақты тыңғылықты тексерді.
Жүйелі жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды 1 тәулікте іздеп тапты. Яғни тұрғынның ірі қара малдарын егістік алқаптан тапты.
Анықталғандай, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жылқылар бағытынан адасып кеткен.
Өз кезегінде тұрғын жоғалған жылқыларын тауып берген полиция қызметкерлеріне өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.