Екібастұзда есірткі сатушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Екібастұзда есірткі сатушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2023 жылдың жазында көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізді деген күдікпен Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол «Қазсушар» РМК-нің Қ.Сәтпаев атындағы каналының қызметкері болып шықты. Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған 13 полиэтилен пакет (zip-lock) табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Қаңтар айының соңында Екібастұз қалалық сотының үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.