Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда пробация қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты Алматыда құрықтады

Таразда пробация қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты Алматыда құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробациялық бақылаудан жалтарушыларды іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Тараз қалалық №1 пробация бөлімінің бастығы  А.Ниязымбетов пен инспектор, әділет аға лейтенанты С.Алтынбек мемлекетаралық іздестіру жарияланған О есімді сотталған азаматты ұстады.

Тексеру кезеңінде жас жігіт масаң күйде болғандықтан, жағдайды анықтау үшін Жамбыл облыстық наркологиялық диспансеріне жеткізілді. 2003 жылғы жас жігіт Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөліміне (Тонау) сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған қамауда ұстау бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Бүгінгі таңда сотталған азамат Алматы қалалық Алатау аудандық сотының үкімі негізінде Тараз қаласындағы №67 мекемеге (тергеу изоляторы) қамауға алынды.

Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерлері тұрақты негізде сотталған азаматтар мен пробациялық бақылау орнатылған жазасын өтеушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру