Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда есірткі сатушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Екібастұзда есірткі сатушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылдың жазында көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізді деген күдікпен Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол “Қазсушар” РМК-нің Қ.Сәтпаев атындағы каналының қызметкері болып шықты. Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған 13 полиэтилен пакет (zip-lock) табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Қаңтар айының соңында Екібастұз қалалық сотының үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру