Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған қарағандылық азамат пробация қызметкеріне пара ұсынған

Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би аудандық пробация қызметінде бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін есепте тұрған азамат пробация қызметкеріне IPhone 15 телефонын пара ретінде ұсынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды ​​қаласының 30 жастағы тұрғыны пробация қызметінде есепте тұр. Ол өзіне бекітілген инспекторға жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру жөніндегі материалды сотқа жібермеуі үшін, сондай-ақ алдағы уақытта да қамқорлық жасап тұруы үшін IPhone 15 телефонын пара ретінде ұсынған.

Аталған факті туралы инспектор Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығына хабарлаған. Бұдан соң өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған есепте тұрған тұлғаны ұстаған, пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.

– Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би аудандық пробация қызметінің инспекторы есепте тұрған тұлғаның пара беру әрекеті туралы баянат жазған, біздің тарапымыздан тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Принципті ұстанымда болған қызметкер көтермелеу шарасына ұсынылады, – деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты пробация қызметі бөлімінің бастығы Анар Уменова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру