Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері қалалық әскери даңқ мұражайына барды

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері қалалық әскери даңқ мұражайына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы, тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдың ардагерлерімен бірлесіп, қалалық мәдениет үйінде экскурсия ұйымдастырды. №21 мекеменің жас қызметкерлері әскери даңқ мұражайын аралады. Мұражайда сол жылдардағы марапаттар, құжаттар, қару-жарақ үлгілері мен тұрмыстық заттар қойылған. Майдангер Саят Әділханов өзінің қызметі мен қазақ жауынгерлерінің ерліктері туралы әңгімеледі.

Саят Әділханов жас кезінде тәжік-ауған шекарасындағы, әскери операциялар жүріп жатқан төтенше жағдай аймағындағы әскери істерді көрген. Мұндай кездесулер, әсіресе, ішкі істер органдарына қызметке жаңадан келген жас қызметкерлердің бойында жоғары патриоттық сананы, туған жерге деген адалдықты, жерлестерінің ерліктерін құрметтеуді, азаматтық борышын өтеуге дайындығын қалыптастыруда маңызы зор.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері ардагерлер мен мұражай қызметкерлеріне танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру