Жамбыл облысында 42 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 42 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша не тұрақты болатын шетелдіктерді бақылау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Қолданыстағы көші-қон заңнамасы талаптарының бірі Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерді бақылау.
Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталды, олардың ҚР-да тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды. Енді бұл шетелдік азаматтар тегін медициналық көмек, зейнетақы төлемдері және т.б. алу мүмкіндігінен айырылды.
Жалпы, осы жылдың басынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды. Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.