Қызылорда облысында «Жасөспірім» іс-шарасының қорытындысы шығарылды
Қызылорда облысында «Жасөспірім» іс-шарасының үш күнінде ішкі істер органдарына 256 құқық бұзушы жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде 16-18 ақпан «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы барысында алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша және жастардың шоғырлану орындарын (аулалар, жертөлелер және т.б.) тексеру жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның үш күнінде ішкі істер органдарына 256 құқық бұзушы жеткізілді.
Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық кешендерінде және тұрғын жайдан тыс жерде жүргендері үшін 210 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды, ал қадағалаусыз жүрген сегіз бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша 28 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 21 дерек анықталып, хаттама рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.