Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жүк көліктерінің бөлшегін жымқырған жігітті ұстады

Түркістан облысының полицейлері жүк көліктерінің бөлшегін жымқырған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жігітті анықтады.

Күдікті күндізгі уақытта бөтеннің жеке мүлкіне қол сұғып, жүк көлігінің әртүрлі 21 бөлшегін ұрлаған. Ұрланған затты ол көлікке тиеп, металды қабылдау пунктіне сатып жіберген.

Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас тағы бір жайтқа қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру