14 жыл бойы жасырынған: Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Ол 14 жыл бойы жазасын өтеуден қашып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
38 жастағы ер адамды Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады.
Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды. Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғаған.
ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды.
Қазіргі таңда ұсталған азамат өз еліне жіберілді.