Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында шетелге жұмыс визасын дайындап беремін деп алдаған күдікті анықталды

Ақтөбе облысының полицейлері шетелге жұмыс визасын дайындап беремін деп алдаған өзге облыстың тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға жас жігіт белгісіз тұлғаның виза дайындап беруге уәде беріп, алдап кеткені туралы шағымданды. Жәбірленуші Еуропаға жұмысқа баруды ойлап, сайттардың бірінен жұмыс визасын арзан сомаға жасауды ұсынған хабарландыруды көрген. Хабарландыру авторына сенген жас жігіт оған 400 мың теңгеге жуық ақшасын жіберген. Ақшаны алғаннан кейін белгісіз тұлға байланысқа шығуды тоқтатқан. Жәбірленуші алданғанын түсінгеннен кейін полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдікпен Түркістан облысының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алаяқ жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны алдап алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру