Алматыда қоғамдық көліктен орындықтар ұрланды
Алматыда қоғамдық көліктен орындықтар ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке автопарктің қызметкері осындай ұрлық жасауға бел буған.
Белгілі болғандай, түнгі уақытта ол жөндеудегі бірнеше қоғамдық көліктің орындықтарын шешіп алып, тіпті бір данасын 35 мың теңгеге сатып үлгерген.
– Автопарк әкімшілігінен арыз түскеннен кейін жедел тергеу тобы жіберілді. Күдікті бірден ұсталды. 34 жастағы автопарк қызметкері қылмысын мойындады. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктінің жеке басы басқа да ұрлық деректеріне қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Ерік Қойбақов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.